Зеленскийдің жеңісі – демократияның жемісі

30.04.2019
Қаралды: 176

Бізде Украинадағы сайлауда В.Зеленскийдің жеңісі туралы қызу пікірталас өтуде. Көбі Зеленскийдің саясаткер, экономист емес, актер екенін алға тартып, келемеж пікір­лер айтуда.

 

Зеленский халықтың 73 пайыз даусын жинады. Сонда украин хал­қы бір «сайқы-мазаққа» осыншама қолдау көрсететін ақымақ халық па? Жоқ! Халық ақымақ емес! Халыққа оның актерлігі, шешендігі, жан-жақты білімділігі, ең бастысы, оның сайлау алды жоспары ұнады.

 

Қалай айтсақ та Зеленскийдің жеңісі – демократияның жемісі!

 

Енді Зеленскийді актер деп, біз­дегі «данышпандардың» әжуалап, менсінбей отырғаны туралы пікір.

 

Бұл тарихта актердің тұңғыш президент болуы емес. 1789 жылдан бері АҚШ-та 45 президент сайланды. Соның ішінде саясаткер емес, мемлекет басқару тәжірибесі мүлде жоқ «жындыбас» генералдар мен миллиардерлер де президент болып сайланған. Тіпті АҚШ тың 14-ші президенті Франклин Прис (1853 – 1857 ж.) ішкіш - алкоголик болған. 

 

Ал АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейган (1981 – 1989 ж.) белгілі киноактер болса, 42-ші президенті Билл Клинтон (1993 – 2001 ж.) актер, сценарист, продюсер, саксофонист-музыкант болған. Осы екі актер-президенттердің халыққа ұнағаны сондай, оларды екі мәртеден қатарынан президент сайлады. Рейган «АҚШ-тың нағыз пре­зиденті» атанса, Клинтон АҚШ тарихындағы жұмыссыздар санын ең төменгі көрсеткішке жеткізіп, халықтың орта жалақысын ең жоғар­ғы нәтижеге көтерді. Міне, актер­лердің құдіреті! Міне, демократияның құдіреті!

 

Тағы бір мәселе – қандай «жындыбас» президентті жалдаса да оны «оң мен солға» бастырмайтын АҚШ-тың халқы жалдаған, Конгресі бар. Конгресс біздегідей президенттердің «қолбаласы» емес, халықтың мүдде­сін қорғайтын «құлдары».

 

АҚШ-тың Мемлекттік хатшылары да мықты. Біздегідей аты бар да, заты жоқ емес, талай мемлекетік іс-шараны шешетін құзіреті бар.

 

Опозициялы, екі партиядан құ­рал­ған үкіметі де мықты.

 

Мұның бәрі – демократияның жемісі. Біздің елдің алдағы Президент сайлауы ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа берген уәдесінде айтылғандай адал, таза өтсе, біздің халық та өзінің таңдаған тұлғасын Президент сайлап, зайырлы елдер­дегідей демократияның жемісі мен жеңісін көрсе екен деп тілейік!

 

Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ