Кәсіподақтар атынан сайлауға Амангелді Таспихов түседі

30.04.2019
Қаралды: 168

Қазақстан Республикасының кәсподақтар федерациясы да өзінің отырысын өткізіп, Президент сайлауына түсетін үміткерін таңдады. Федерация төрағасының орынбасары Мұхтар Тінікеев пен федерацияның Батыс Қазақстан облысындағы аумақтық бірлестігінің төрағасы Амангелді Таспихов екеуінің кандидатурасы қаралған еді, М.Тінікеев өзінің қазақ тіліне шорқақтығын айтып, үміткер болудан бас тартты.

 

Сонымен алдағы өтетін Президент сайлауына бұл ұйымнан Амангелді Таспихов түсетін болды.

 

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ