Компаниядан көлік ұтып, Хайнаньға барып қайтты

30.04.2019
Қаралды: 327

Қазіргі таңда желілік маркетинг десе көпшілігіміз ол тақырыптан басымызды ала қашамыз. Себебі мұны жарнамалайтын шетелдік те, отандық та компаниялар жетерлік. Адам жинау­дың машақатын мойнына ілгісі келмегендер мұндай бизнес түріне күдікпен қарайды. Дегенмен қашан және қай жерде болмасын жанын сала жұмыс істеген адамдар жетістікке жететіні белгілі. Шымкенттік Шолпан Досмұхамедова да солардың қатарында.

 

Ш.Досмұхамедова «SHІSEІDO SEІYAKU CORPORATІON» деп аталатын жапондық компанияның табиғи биологиялық белсенді қоспа өнімдерін ұсынатын «Beverlee club» компаниясында желілік маркетингпен айналысады. Аталған екі компания 49 жылға өзара келісім-шарт жасасқан. «Beverlee club» өз жұмысын 2016 жылы Алматы қаласында бастаған. Оның президенті – Николай Ли есімді кәріс азаматы. Бұл компанияға небәрі екі адамды ғана тіркеп, ары қарай бизнес бастап кетуге үлкен мүмкіндік бар. Мұнда айлық жалақы мен қомақты сыйақыға, автокөлікке, отбасылық саяхатқа қол жеткізіп жатқандар аз емес. Сұлулық пен денсаулыққа оң әсерін беретін бұл тауарлардың барлығы жапондық өнім болып табылады.

 

Шолпан Тұрсынбайқызының мұнда жұмыс істеп жатқанына небәрі 6 айдың жүзі болыпты. Қазір ол 600 мың теңге жалақы алатынын айтады. Одан бөлек, бұл кісі таяуда ғана су жаңа «Лада Гранта» маркалы көлік ұтып алған. Бірақ заттай алғысы келмегендерге ақшалай алуға мүмкіндік берілгендіктен оның есеп-шотына 3 миллион 32 мың теңге сыйақы аударылған. Сондай-ақ осы алты айдың ішінде ол серіктестерімен бірге Қытайдың оңтүстігіндегі Хайнань аралына саяхаттап та үлгерген. Біз ол кісіден аталған саяхат туралы әңгімелеуін сұрадық.

 

«Осы компанияда Қазақстаннан жоспар орындаған 200 адам болды. Соның 130-і саяхатқа шықты да, қалғаны өз қалауы бойынша ақшалай сыйақы алды.

 

Хайнань аралында 9 миллион адам тұрады екен. Біз сондағы Санья қаласында болдық. Саньяда 1 миллионға жуық тұрғындар бар деседі. Қаланы аралау кезінде үш топ болып, қыдырып жүрдік. Он күн бойы Оңтүстік Қытай теңізі маңындағы бес жұлдызды қонақүйде жаттық. Барлығы таза, керемет. Оңтүстік Қытай теңізі – Тынық мұхитының бір бөлігі екен. Су өте жылы болды, біз барған кезде ауа райы 32 градус жылылықты көрсетіп тұрды. Бірақ біздегідей емес, климаты өте ылғалды.

 

Ол жақта теңіз өнімдерінен дайындалатын тағамдар көп екен. Таңертең, түсте, кешке мейрамханадан тамақтанамыз. Мейрамхана арнайы туристер үшін еуропалық ас түрлерін де қосыпты. Ол біздің көңілімізден шықты, себебі таза Қытайдың тағамдарын жеу біздерге қиындау болар еді. Орыстар сол теңіз өнім­дерінен дайындалған ас түрлеріне тапсырыс беріп жатса, ал біз үйренген тағамдарымызды жеп жүрдік. Мейрамханада 50-100 түрлі тағамға дейін тұрды. Оның ішіне салаттың, көкөніс пен жемістердің, балмұздақтың, тәттілердің, тағы да басқаларының сан түрі бар. Ол жақта тамақтардың бағасы қымбат екен, бірақ біздер үшін тегін болды.

 

Біз өзіміз үнемі ғаламтордан көріп жүрген шыны көпірде де болдық. Қорқынышты болғанымен әсері керемет! Жан-жағы, едені толықтай шыныдан жасалған. Төмен қарасаң, онда терең құз жатыр. Аяқ баса бергенде шыны тырс етіп жарылып жат­қандай болады. Бұл – әдейі жасалған спецэффект. Қорыққанынан жылап, екі жағынан екі адам жетектеп бара жатқандар да болды. Шетінен мықтап ұстап алып, білетін сүрелерімізді айтып, біз де бір айналып шықтық.   

 

Одан кейін жібек, текстиль өнімдерін, кальций, шай шығаратын фабрикаларға бардық.  Барған жерлерімізден акуланың майы, жібек халат, жібек төсек жаймалары секілді әркім өзіне қажетті дүниелерді сатып алып жатты. Бұлардың бәрі – таза табиғи өнімдер. Жалпы, мұнда туризм өте жақсы дамыған екен. Турист болып келіп жатқандардың 70 пайызы – қытайлықтардың өздері. Қалған 30 пайызы Ресейден, Белоруссиядан, Қазақстаннан, яғни жан-жақтан келетін қонақтар көрінеді. Негізі өте жақсы демалдық», – дейді Шолпан Досмұхамедова.

 

Осылай деген Шолпан Тұрсынбайқызы желілік маркетингпен айналысудағы өзіндік мақсатын да түсіндіре кетті. Ол адамдардың денсаулығы мен сұлулығына пайда әкелетін өнімдерді ұсыну арқылы сенделіп, бос жүрген көптеген жандарды жұмыспен қамтығысы келетінін айтты.

 

Дұрыс қимылдай білген адамға маркетингтің осындай да мүмкіншіліктері бар екен. Тек нәтиженің ерекше еңбекпен келетінін ұмытпаған дұрыс.

 

М. ШУАҚ.

 

Шолпан Досмұхамедованың байланыс телефоны: 8-701-565-45-71.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ