Рухани жаңғыруды «жем» қылып жүрген шығар

30.04.2019
Қаралды: 189

Қызық, ә, жер-жерде «Рухани жаң­ғыру» деп миллиардтар жұтылып, орталықтар салынып, журнал-газеттер ашылып, топ-тобыр жиындар өтіп жатыр, бірақ көз сүйініп қарайтын нәтиже жоқ. «Қасиетті Қазақстан» деп қазаққа бұрыннан белгілі жерлерді, кесенелерді жинақтаған бір кітап шығарып қауқиып жүрміз.

 

Ал жұмысты кім істеп жатыр? Дұрыс. Баяғы мұғалімдер! Білім басқармасындағылар: «Ақшаны не үшін аласыңдар, дабай, «Рухани жаңғыру» аясында зерттеу жасаңдар!» деп ақияды екен. Сосын бала мен ұстаз тентіреп, интернет ақтарып мәлімет іздейді. Тарихшы ағайлар қатырмаған деректерді олар қайдан тапсын, ел аузындағы аңыз, қарттардың қолындағы шежірелерді сұрап жүреді.

 

Дұрыс қой, қазынаны жинау керек дерсіз. Келісем, тек олардың табанынан тозып жүріп жиғаны ертең біреудің олжасына айналмасына кепіл бар ма? Қазірдің өзінде байғұстарды жүгіртіп қойып, «қатырып жұмыс істеп жатырмыз!» деп еміп отырғандар бар-ау...

 

Серік ӘБІКЕНҰЛЫ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ