«Ауыл» партиясынан Төлеутай Рахымбеков бақ сынайды

29.04.2019
Қаралды: 59

«Ауыл» партиясы кешегі 25-сәуірде кезектен тыс съезд өткізіп, Президенттікке өз үміткерін таңдады. Делегаттар бір ауыздан Төлеутай Рахымбековтің кандидатурасын қолдады.

 

Төлеутай Рахымбеков 1964-жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. Алматыдағы Ауыл шаруашылығы институтын бі­тірген, Мәскеудегі ауыл шаруашылығын электрлендіру ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасында, Қарағанды Мем­лекеттік университетінде білім алған. Ол – инженер-механик, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты. Еліміздің агро­өнеркәсіп кеше­нінде, Ауыл шаруашылығы минис­тр­лігінде жауапты қызметтер атқарған, Қа­рағанды облысы әкі­мінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы вице-министрі болған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ