«Ақ жол» үміткерлікке Дания Еспаеваны ұсынды

29.04.2019
Қаралды: 44

«Ақ жол» партиясы өзінің кезектен тыс XVІІ съезін өткізді. Онда жиналған делегаттар Президенттікке партия өкілі, Парламент Мәжі­лісіндегі қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Дания Еспаеваның кандидатурасын ұсыну жөнінде шешім қабылдады.

 

Дания Мәдиқызы Еспаева 1961-жылы Ақтөбе облысында өмірге келген. Алматы есеп-несие техникумын, Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Экономист. Еліміздің бірқатар банктерінде жауапты қызметтер атқарған, банк саласында 37 жылдық еңбек өтілі бар. Парламент Мәжілісіне сайланбас бұрын Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты болған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ