Жамбыл Ахметбеков те – үміткер

28.04.2019
Қаралды: 37

Қазақстан комму­нистік халық партия­сы да кезектен тыс XІV съезін өткізді. Съезд делегаттары үміткерлікке Жамбыл Ахметбековтің кандидатурасын ұсын­ды.

 

Ж.Ахметбеков 1961-жылы Целиноград облысында туған. Ол Целиноград ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Комсомол, партия ұйымдарында, білім беру саласында еңбек еткен. 2007-жылдан бері Қазақстан коммунистік халық партиясы Орталық Комитетінің хатшысы. 2011-жылғы Президент сайлауына аталған партия атынан түскен. 2012-жылы Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланған.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ