«НұрОтан»партиясы атынан сайлауға Тоқаев түсетін болды

29.04.2019
Қаралды: 172

Кешегі аптаның сейсенбі күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХІХ съезі болып өтті. Онда алдағы 9-маусымда елімізде болатын кезектен тыс Президент сайлауына үміткер ұсыну мәселесі шешілді.

 

Партия төрағасы, Елбасы Н.Назарбаев «Nur Otan» атынан Президент сайлауына түсуге Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. «Қасым-Жомарт Кемелұлын ұзақ жылдардан бері білемін және оны Президент ла­уазымына бүгінгі күнгі ең лайықты адам деп санаймын», – деді партия төрағасы.

 

Оның ұсынысын съезд делегаттары бір ауыздан қолдады. Қазақстанда алдағы өтетін кезектен тыс Президент сайлауына «Nur Otan» партиясы атынан үміткер болып Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынылатыны жөнінде арнайы Қаулы қабылданды.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ