Бірінші болып журналист құжат тапсырды

29.04.2019
Қаралды: 210

Елімізде өтетін Президент сайлауына үміт­керлер арасында Орталық сайлау комиссиясына алғаш болып Сәдібек Түгел өз құжаттарын тапсырды. Бұл жөнінде ол 22-сәуір күні өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

 

Ол Орталық сайлау комиссиясының өзінен тиісті құжаттарды қабылдап алғанын айтты. Енді медициналық тексеруден өтуге, декларация тапсыруға кірісетінін жеткізді.

 

(Айта кетейік, үміткердің бойында 107 түрлі психологиялық дерт пен кемшіліктер, бұзылыстар болмауы тиіс. Сондай-ақ ол өзінің табысы, Қазақстанда, шет елдерде бар жылжитын-жылжымайтын мүлкі, автокөлігі, қандай да бір кәсіпорын, мекемедегі үлесі, салыққа қарызы бар-жоқтығы, банктегі қаржысы және басқадай активтері бойынша декларация тапсырады).

 

Сәдібек Түгелдің жасы қазір 64-те. Ол Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында өмірге келген. Қазақ Мемлекеттік университеті журналистика факультетінің түлегі. Бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында, Парламент Сенатында еңбек еткен. Бірнеше кітаптардың авторы, ұлттық құндылықтардың жанашыры, зерттеушісі, «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер» атағының иегері. Ол бүгінде «Ұлы дала қырандары» республикалық әлеуметтік-мәдени қоғамдық бірлестігінде басшылық қызмет атқарады. Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткерлікке аталған ұйым атынан ұсынылып отыр.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ