Сайрамдық қария адвокат Айманға алғыс айтады

30.04.2019
Қаралды: 196

Газетіміздің өткен 8-сәуірдегі нөмірінде «Біз Айманды білеміз бе?» деген тақырыпта мақала жариялаған едік. Онда адвокат Айман Омарова туралы айтылады. Міне, сол мақаланы оқыған бір азамат «Замананың» редакциясына хат жолдапты. Өзі Түркістан облысының Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылында тұрады екен. Хат авторы былай дейді:

 

«Айман қызым, жарайсың!

 

Сайрагүл мен Серікжанның ісін қазақ ұлтының намысы үшін қолға алған сен – әділ, шыншыл, қайсар, батыл, күрескер, батыр қызсың! Өзіндік ой-сезімі бар, бо­йында қазақтың қаны бар әр азамат сенің бұл ісіңді мақтанышпен өзіне үлгі етеді. Сенің әрекетіңді өз басым намысы жоқ, екіжүзді, сатқын, өсекші-өтірікшілерге бе­рілген мықты соққы деп білемін.

 

Мен қазақпын деп өзінің тілін, жерін, салт-дәстүрін, дінін, өз ұлтының намысын қорғайтын сен сияқты ұл-қыздар көбейсе екен! Әділдік үшін қуғынға түскен азаматтарды арам дүниеге құл болғандардың зұ­лымдығынан құтқару, оларды бостандыққа шығару жолындағы күресте өзіңе бір Алланың мейірім-шапағаты болсын, ұзақ өмір, зор денсаулық берсін! Бабалар рухы әрда­йым демеп жүрсін!

 

Ізгі тілекпен: зейнеткер Мақұлбек МЫРЗА­ТЕГІ».

 

Міне, бұл кісі адвокат Айман Омароваға деген лебізін осылайша білдіріпті. Қолдан келіп тұрса, халықтың алғысына бөленіп, бата алғанға не жетсін!

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ