Қазақстанға осыншама министрліктің қажеті бар ма?

26.04.2019
Қаралды: 81

...Жаңылмасам, ең бай ел – Швецияда Үкімет құрамында 9-ақ адам бар. Ал біздегі үкімет қызметкерлері мыңдап саналады.

 

Бірінің міндетін бірі қайталайтын қаптаған минис­трлік неге қажет? Сол министрліктер өз салаларын гүлдентіп жіберсе бір сәрі. Қазір экономиканың қай саласын қарасаң да тоқырауға ұшыраған. Сол себепті зайырлы елдердегідей аз құраммен көп жұмыс бітіретін Үкімет жасақтау керек. Миллиардтаған қаржыны халық қажетіне солай үнемдеуге болады.

 

Ел экономикасын, халықтың әл-ауқатын көтеру тікелей қаржылық есепке байланысты. Университет тұрмақ, бастауыш мектеп бітірмеген бабаларымыз сонау атам заманда «Есеп білмеген – есек» деп өсиет айтып кетіпті...

 

Аймұханбет БЕЙСЕМБЕКОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ