Жалаңтөс баһадүрдің елеусіз жатқаны жаныма батты

26.04.2019
Қаралды: 210

Екі киелі қала – Түркістан мен Самарқанның арасында ашылған жаңа автобус қатынасының бірінші рейсімен Самарқанға барып қайттым. Қай жағынан болса да мақтауға тұратын қала екен. Бірақ көңілге түйткіл ұялатқан екі мәселені айтпауға болмайды.

 

Біріншісі: «Шар-дор», «Гур-эмир», «Әл-Бұхари» және басқа да медреселер мен мешіттер сауда орнына айналып кеткен. Сырты – ескінің көзі,  ал ішкі бөлмелері түгел – кәдесый сататын дүкендер.

 

Екіншісі: Самарқан қаласының тарихында үш тарихи тұлғаның алар орны ерекше. Олар – Темір, Ұлықбек және Жалаңтөс баһадүр. Темір мен Ұлықбекке арнап салынған зәулім ескерткіштер мен ғимараттарды жұрттың бәрі біледі, Самарқанға барғандар көрді. Ал Жалаңтөс бабамыздың сүйегі қаладан 30 шақырым сыртта, Бағдит деген ауылдағы елеусіз мазардың ішінде бір жұпыны тастың астында жатыр. Не ескерткіш, не көрсеткіш тақта, не кесене жоқ. Іштей қынжылып қайттым. Егер Жалаңтөс баһадүр қазақ емес, өзбек болса, аты Темір мен Ұлықбекпен бірге аталып, зәулім сарайлар салынар еді-ау деген ой келді.

 

Бабамыздың осылай елеусіз жатқаны дұрыс емес қой. Бұған на айтасыздар?

 

Сейтқасым МҮСЛІМОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ