Хасен Қожахмет сайлауға түсетінін айтты

22.04.2019
Қаралды: 464

Сонау 1970 жылдардың өзінде-ақ сол кездегі Кеңес билігі мен Компартияның ұлттық саясатын сынап, оған қарсы ашық күрескен, кейін «Азат», «Алаш», «Желтоқсан» сияқты ұлттық қозғалыстарды құруға белсене атсалысқан белгілі саясаткер Хасен Қожахмет кешегі аптада өзінің  алдағы Президент сайлауына түсуді ұйғарғанын мәлім етті. Оның бұған қатысты видеожазбасы «Ютуб» арнасында жарияланды.

 

«2017 жылы «Желтоқсан көтерілісіне» байланысты ас бергенде мен Президент сайлауы бола қалса, оған түспейтінімді айтқан едім. Осыдан жарты ай бұрын маған жігіттер келіп, Президент сайлауына түсуге ұсыныс жасады. Бірақ мен биыл жасымның 70-ке шыққанын айтып, одан да қоғамдық ұйымдардан екі-үш адамды ұсынайық деген пікір білдірдім. Жігіттер бұған келіскен. Мен ағарту жұмыстарын жүргіземін бе деген едім. Енді сайлау өткізілетіні белгілі болып отыр. Осыған орай «Азат», «Желтоқсан», «Алаш» қозғалыстарының жігіттері тағы да ұсыныс білдіріп отыр. Мен олардың ұсыныстарын қабылдап, Президент сайлауына түсуге келісім бердім», – деді Х.Қожах­мет осы мәлімдемесінде.

 

Ол жұртшылықты алдағы болатын Президент сайлауына белсенді түрде қатысуға, өз пікірлерін ашық білдіруге шақырды.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ