Шымкенттік азамат өз кандидатурасын ұсынды

14.04.2019
Қаралды: 256

Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы 9-маусымда кезектен тыс Президент сайлауы өткізілетінін жариялағаннан кейін жарты сағат өтер-өтпесте шымкенттік Бақытжан Көпбаев есімді азамат мәлімдеме жасады. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деді:

 

«Ассалаумағалейкум, қазақша түсінетін Қазақстан азаматтары! Осыдан жарты сағат бұрын Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев 9-маусымда  кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін жариялады. Міне, біз бұған дайын болатынбыз. Сондықтан да Қазақстан интерна­ционалистерінің қолдауымен мені ортақ кандидат қылып, осы сайлауға қатысуыма үміт беріп отыр. Мен өз кандидаттығымды Президент сайлауына ұсынамын.

 

Осы сайлауда біз алғашқылардың бірі болып кандидаттығымызды ұсынғаннан кейін бірінші болып жеңіске жетеміз деп ойлаймыз. Өйткені Қазақстан өзгерісті талап етіп отыр. Қазақстан азаматтарына түбегейлі өзгерістер керек. Экономикалық, саяси дағдарыстардан шығудың жалғыз жолы – Қазақстандағы бүкіл ұлттар бірігіп күш салып, жеңіске жетуіміз. Қазақстан еркін болатынына мен сенемін!»

 

...Айта кетейік, Бақытжан Көпбаев – «KAZAGRO GREEN» ЖШС-нің директоры, Қазақстан интернационалистері әлеуметтік қоғамдық қозғалысының мүшесі.   

 

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ