Судан әскері президентті биліктен кетіргенін жариялады

11.04.2019
Қаралды: 1511

Судан әскері Президент Омар әл-Баширді биліктен кетіргенін жариялады. Сондай-ақ конституция күшін тоқтатып, Парламентпен бірге барлық билік органдарын таратып жіберді. 

Бұл туралы мемлекеттік телеарна арқылы елдің қорғаныс министрі Авад бен Ауф мәлімдеме жасады. Судандағы ахуалға байланысты 3 ай бойы төтенше жағдай жариялайтынын қоса айтты. Республиканы екі жыл бойы басқару мақсатында қарулы күштер арнайы әскери кеңес құрды. Айта кетейік, өткен жылдың соңынан бері Судан халқы биліктен нан бағасын төмендетуді талап етіп, наразылық шараларын жиілеткен болатын. Соңғы төрт ай ішінде елдегі қақтығыстар кезінде 60 адам көз жұмған деп хабарлайды 24kz 

Пікір қалдыру

1000 символ