«Замананы» отбасымен оқиды екен

05.04.2019
Қаралды: 184

Таяуда Әмір Батырбеков есімді зейнеткермен танысып қалдық. Ол кісі Созақ ауданының орталығы – Шолаққорған ауылында тұрады, өзі «Замана» газетінің тұрақты оқырманы екен.

 

«Мен «Замананы» «Жас дәурен» деген атпен алғашқы шыққан кезінен білемін, – дейді ол кісі. – Оны бұрын тұрақты түрде жаздыртып алатынмын. Бүгінде дүңгіршектен сатып алып оқып жүрмін.

 

«Замана» маған шыншылдығымен, батылдығымен, ақпараттарды қызықты етіп, қысқа да нұсқа түрде беретіндігімен ұнайды. Газетті оқи отырып өз өлкеміздегі ғана емес, еліміздегі, бүкіл әлемдегі жаңалықтарды білемін.

 

Жұбайым Жұмакүл де – «Замананың» тұрақты оқырманы. Біз «Заманамен» бірге оның қосымшасы «Ауырмаңыз!» газетін де алып тұрамыз. Көпшілікті түрлі жаңалықтарымен, пайдасы тиетін мақалаларымен сусындатып отыратын газет редакциясы қызметкерлеріне біздің айтар алғысымыз мол. Қоғамға қажетті іспен шаршамай айналысып, ілгері баса берсін, таралымдары көбеюіне тілектеспін».

 

Шолаққорғандық Әмір Батырбеков осылай дейді. Ол кісі бұрын «Казсельхозтехника» бірлестігінде бас инженер болыпты, «ҚазАтомӨнеркәсіп» кәсіпорнында инженер болып еңбек етіпті. Жұбайы Жұмакүл апа екеуі 4 ұл тәрбиелеп өсіріпті, олардын тараған 12 немереге ата-әже болып отырған жайлары бар.

 

Міне, «Замананы» бір әулеттен осынша жан оқып жүр екен. Ендеше біз де оларға ризамыз, әрдайым амандықта болып, арман-тілектері орындала беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ