Жолдымұрат Аманбаев – Түркістан облысы әкімінің орынбасары

26.03.2019
Қаралды: 422

Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеевтің өкімімен Жолдымұрат Аманбаев облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

 

Жолдымұрат Ермаханұлы Аманбаев 1957-жылы Ақтөбе облысында өмірге келген. Алматыдағы Халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Ақтөбе облысының қаржылық органдарында, Қаржы министрлігінің бюджет департаментінде, Кіріс министрлігінің салық төлеушілермен жұмыс департаментінде, Астана қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау депар­таментінде, Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде лауазымды қызметтер атқарған. Премьер-министр орынбасарының кеңесшісі болған, «Қазагро» холдингінде, «Қазагромаркетинг» акци­­онерлік қоғамында еңбек еткен. 2018-жылдың қаңтар айынан бері Ауыл шаруашылығы министрлігі кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры болып келді.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ