Елбасы Кеңсесінде кімдер істейді?

26.03.2019
Қаралды: 192

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев өз Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын тағайындады.

 

Айдос Үкібай Елбасының баспасөз хатшысы болып тағайындалды.

Елбасы Протоколының басшысы қызметін Арслан Дәндібаев атқаратын болды.

Нұрлан Ыбырайым – ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, Нұрлан Қаймолдаев – құжаттама, қаржы және кадрлармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Асқар Молдағаринов – Елбасы Кеңсесі басшысы хатшылығының меңгерушісі, Елдар Томашов – Елбасы көмекшісі хатшылығының меңгерушісі қызметтеріне тағайындалды.

 

Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаевтың шешімімен Әсет Исекешев Тұңғыш Президент – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды. Ол өткен жылғы қыркүйек айынан бері Президент Әкімшілігінің басшысы болып келген еді. Осының алдында Президент Қ.Тоқаев оны лауазымынан босатқан болатын.

 

Тұңғыш Президент – Елбасы қорының міндеті – талантты жастарға қолдау көрсету, әлеуметтік бағыттағы жобаларды іске асыру, Ұлттық талдау орталығының бәсекелестікке қабілеттілігін дамыту болып табылады. Қор директоры – қазіргі Сенат төрайымы Дариға Назарбаева.

 

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ