Астанамыз Нұр-Сұлтан деп аталатын болды

22.03.2019
Қаралды: 1235

Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ресми түрде кіріскен Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ант беру салтанаты кезінде Тұңғыш Президент – Елбасына «Халық қаһарманы» атағын беру, оған Елордада монумент орнату, Астана қаласына Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру, облыс орталықтарындағы үлкен көшелерге Назарбаевтың атын беру сияқ­ты бірнеше ұсыныстар білдірген болатын.

 

20-наурыз күні Қ.Тоқаев өзінің Жарлығымен Н.Назарбаевқа «Халық қаһарманы» атағын берді. Тұңғыш Президент – Елбасы сонымен қатар «Құрметті сенатор» атанды.

 

Осы күні Парламент палаталарының бір­лескен отырысында депутаттар Конституцияға Астана қаласының атауын өзгертуге байланыс­ты толықтыру енгізу жөнінде шешім қабылдады. Бұған қатысты құжатқа Тоқаев қол қойса, Елорда ендігі жерде «Нұр-Сұлтан» деп атала бастайды.

 

Қ.Тоқаевтың бастамасына облыстар да қолдау білдіріп жатыр. Мысалы, 6-шақырылымдағы Шымкент қалалық мәслихаты кезектен тыс сессия өткізді, онда қаланың әкімшілік-іскерлік орталығындағы «Астана» даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың атын беру жөнінде шешім қабылдады. Атырау қаласындағы Сәтпаев даңғылына да Н.Назарбаевтың есімі берілетін болды.

 

Мұндай өзгертулер алдағы күндері де жалғасын табуы мүмкін сияқты.

Пікір қалдыру

1000 символ