Әлем ғалымдары мойындаған ерекше ем

19.03.2019
Қаралды: 286

Бүгінде сағат механизмі сияқты сыртылдап, еш тоқтаусыз жүріп тұратын денсаулығымен екінің бірі мақтана алмайтыны рас. Ағзаның алғашқы дабылдарына аса мән бере қоймайтын жан екеніміз де құпия емес. Ауру билеп, жан-жақтан қыспаққа ала бастаған кезде ғана араша іздеп дәрігерлерге барамыз. Алайда дәрігердің алдында шағымымызды дұрыс сипаттай алмауымыздың себебінен әдетте дұрыс емес диагноз қойылып жатады.

 

Науқастың шағымына сүйене отырып диагноз қоятын кей дәрігерлер, міне, осыдан кейін мүлдем басқа ем-дом тағайындап, өзі ауырып, әлсіреп тұрған ағзаны одан бетер асқындырып жіберуі мүмкін. Бұған, әрине, ең бірінші кезекте ауруын дұрыс сипаттай алмайтын емделушілердің өздері кінәлі.

 

Ал сауықтыру медицинасының дәрігері, ғалым, биоэнерготерапевт Сайлаухан Әуелбаева ханымның алдына келгенде ең алғаш­қы болып сіз емес, ол кісінің өзі сөйлейді. Ауырып, қабынып тұрған органдарды ерекше тылсым күшінің арқасында көре алады. Өн бойыңыздағы дертті тізбектеп, дәл диагноз қойғанын естігенде еріксіз бас шұлғып, келісіп тұра беретініңіз анық.

 

Сайлаухан Сұлтанғазықызы алдына келген науқастарға 100 пайыздық дұрыс диагноз қоя алады. Ол дегеніміз – нақты ем тағайындау және нақты ем алу. Сайлаухан ханым емделуге келген кісілердің көп  жағдайда  дұрыс  емес  диагнозбен, дұрыс  емес ем қабылдап,  ауруларын  әрі  қарай  өршіте түсетіні жайлы айтады. Сондықтан ол кісі орталыққа келген емделушілердің денсаулықтарын барынша жақсартуға, дұрыс ем жүргізуге жағдай жасауды алдына мақсат етіп қойған. Емделушілердің  ем  қабылдау  сатысы  жіті  бақылауда. Яғни диагностика  алып,  емделіп  болғанға  дейінгі кездері,  олардың  психологиялық  тұрғыдағы  сәттері, емдерін  бастап,  аяқсыз  қалдырып  кетпеуіне  дейінгі кезеңдердің  барлығына  түсіндіру жұмыстары толықтай жүргізіледі.

 

Тері ауруларынан айықтырады

 

Бір қарағанда аса қауіпті емес болып көрінетін псориаз, витилиго, экзема сияқты аурулар уақыт өте келе, дұрыс емделмеген жағдайда терідегі қатерлі ісік, яғни онкологиялық ауруға айналып кететіндігін білесіздер ме?

 

Дәрігер тағайындаған емдік курстарын аяқтаған соң қышыну мен дискомфорт уақытша басылып, бірақ кейін қайтадан мазалай бастаса, онда дәрігердің емінен еш нәтиже шықпағанының белгісі деп түсініңіз. Және уақытыңызды босқа өткізіп алмай, дұрыс емге ұмтылғаныңыз жөн. «Сайлаухан» емдеу, қайта оңалту кешенінде сізге уыстап дәрі ішкізбейді, қан-тамырларыңызға медикамент­тер құймайды, «Сайлаухан» емдеу, қайта оңалту кешенінде тіпті дәрілік шөптер де қолданылмайды. Тек қасиетті күшпен дамытылып, құрамы емдік деп танылған «Сайлаухан Судың» және халықаралық дәрежедегі емші, космобиоэнерготерапевт Сайлаухан Әуелбаеваның күшімен ем жүргізіледі.

 

Қан қысымын қалыпты етуге мүмкіндік бар

 

Соңғы кездері бас ауруларымен шағымданатын адамдардың саны күннен-күнге өсіп барады. Дер кезінде нақты диагноз қойылмағандықтан, нақты ем қабылдамағандықтан оның салдары комаға түсіп қалу, талма ау­руы­на шалдығу, қол-аяғы тырысу, көз жанары нашарлауы, мидан операцияға түсіп қалуы сияқты жағдайларға әкеп соғуы мүмкін. Тіпті одан құлақтың естуі, сөздің бұзылуы, тірек-қимыл қозғалыстары органдары жұмысының бұзылуы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, өн бойында дірілдің пайда болып, күшеюіне, жалпы қан айналу процесінің бұзылуына ұласып кетеді. Сондықтан, егер бас ауруы мазалай беретін болса, ертерек қам жасап, алдын алған жөн. Гипертония, гипотония, яғни қан қысымының көтерілуі, төмендеуінің нақты себептері айқындалып, сол себептердің жо­йылуына жұмыс істеген жағдайда ғана бұл сырқаттар түрінен біржола құтылуға болады. Ал бұл мәселеге келгенде Сайлаухан Әуелбаеваның тәжірибесі өте мол. Қаншама жыл дәріге тәуелді болып, қан қысымының жоғарылауынан орасан зор зардап шеккен кісілердің құлан-таза айығып кетуіне уақыт куә.

 

Сымбатын сақтағысы келетіндерге көмек

 

Өкінішке қарай, соңғы жылдары ерлер және  әйел затының лезде толып кетуі мен тым арықтап кетуі сияқты құбылыс жиі кездесуде. Толысып кету сырт келбетке ұсқынсыздық сыйлап қана қоймай, сонымен қатар бүкіл ағзаңызға түзелмейтін зиян келтіретіні бар. Спортпен шұғылдануға түрлі сылтаулар айтып, диета ұстануға күш-жігері жетпей жүрген кей адамдар түрлі шайлар мен қоспаларды ішу арқылы онсыз да әрең жұмыс істеп тұрған ағзасына одан бетер қиянат жасауда.

 

Сайлаухан дәрігердей адам ағзасына үңіліп, қажетін түсінетін маман жоқ шығар, сірә! Ол кісі авторлық сумен ем жүргізу ар­қылы еріншектердің арманын орындап, қалағанынша тамақтануға болатынын айтады. Құрамында артық салмақтан арылтатын формуласы бар «Сайлаухан Су» ағзаны емдеп, ішек функцияларын жақсартып, ас қорыту жолдарында пайда болған бөгеулерді сейілтіп, арықтауды табиғи жолмен жүргізеді.

 

Әдетте тым арық адамдарды, «ішінде құрты» бар деп те жатады. Халық нақылының түбінде шындық бар. Өйткені тым арық адамдардың қанының құрамында лямблия сияқты ластан пайда болған ішек құрттары нормадан тыс көп мөлшерде болады. Қаншама тамақтанса да 1 грамм да салмақ қоса алмайтындығының себептері, міне, осыдан. «Сайлаухан Су» ағзаны тазартып, микроб, вирус, бактериялардан арылтып, қан айналымы мен ас қорыту, зат алмасу процестерінің қызметін реттеп, табиғи жолмен салмақ қосуға ықпал етеді.

 

Қарғыс пен дуаны жояды

 

Қаншалықты сенбейін десең де медициналық тұрғыдан 100 пайыз сау болып табылған адамның күннен күнге солып бара жат­қандығын көріп, дуа мен қарғыстан қорқа бастайсың. Тіл мен көз, ниеті түзу емес адамның көзіне түсу немесе оларға әсер қалдыру арқылы пайда болса, дуаны белгілі бір қара энергетика жолына түскен адамдарға барып, қасақана жасатады. Дуа бастапқыда еш көзге түспейді, бірақ уақыт өте келе дуа жасалынған адамның жолы түйіліп, жақындарымен қарым-қатынасы бұзылып, денсаулығы күрт нашарлай бастайтыны мәлім.

 

Егер медицина тарапынан сап-сау болып, бірақ өзіңізді нашар сезінсеңіз, жолыңыз ашылмай, ісіңіз кері кете бастаса, онда әлдекімдер жамандық жасаған болуы мүмкін. Бұл жағдайда уақыт сізге қарсы, өйткені қарғыс пен дуаның түрлері белгілі бір уақытқа дейін арналып жасалады, сол уақыт өткен соң ауру ағзаңызды да жеп бітіреді, тіпті өмірден де оздырады. Сайлаухан ханымның тәжірибесінде қарғысты болжау мен бетін қайтарған кездері өте көп болған.

 

Сайлаухан Әуелбаеваның емінің ерек­шелігі сондай, ол кісі ағзаға түрлі себептермен тиген зияндықтың бетін қайтарып, табиғи, адал жолмен емдей біледі. Тағы да бір айта кететін ерекшелігі, ол – дәрігер Әуелбаеваның адам ағзасын бөлшектерге бөлмей, жалпы емдеуі. Яғни шағымданған органыңызды ғана емдеп қоймай, түбегейлі нәтижеге қол жеткізе аласыз, 100 пайызға деніңіз сау болып шығады.

 

Еңбегін әлем ғалымдары ескерген

 

Бір қарағанда мұның бәрі ертегі секілді, асыра мақтағандық болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл – шындық. Сауықтыру медицинасының докторы Сайлаухан Әуелбаеваның бойындағы ерекше қасиетті, ол кісінің авторлық емдеу әдісін жылдар бойы ғалымдар зерт­теп, әлдеқашан өз бағасын беріп қойған.

 

Сайлаухан Сұлтанғазықызының осы күнге дейінгі еңбектері мен емдеу әдісі жайлы құнды мәліметтер Оксфорд қаласындағы іргетасы XІV ғасырда қаланған Бодлейн атындағы әлемдік деңгейде қызықты ақпараттар жинақтайтын кітапхананың қорында сақтаулы тұр. 2012-жылы Ұлыбританияда ол кісінің еңбегі Еуропа бизнес ассамблеясы «Сократ» комитеті жүргізген сараптама бойынша жоғары бағаланып, «Еуропа сапа белгісін» жеңіп алды. Дәл осы жылы Ұлыбританияның Оксфорд қаласында «Виктория ханшайым» атындағы орденді кеудесіне тақты. 2014-жылы Италияның Стреза қаласында  халық медицинасы мен ресми медицинаны ұштастыра білгені үшін «Ғылымдағы есім» халықаралық сыйлығының лауреаты атанды. Сондай-ақ Ұлыбританияда «Әлемнің таңдаулы ғалымы», «Жылдың үздік басқарушысы – 2014» орденін алып, өзінің тегін адам еместігін тағы бір дәлелдеді.

 

Халқының құрметіне бөленген

 

Өз елімізде де ол кісіге лайықты құрмет көрсетілуде. 2016-жылы Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен жарық көрген «Қазақстандағы денсаулық сақтау» атты тұңғыш тарихи энциклопедияның 22 бетіне ол кісінің еңбегі мен басқарып отырған кешені туралы ақпарат енгізілді. Әрі ол кісі туралы мәліметтер кітапта Алматы қаласындағы денсаулық сақтау ұйымдарының көшін бастап тұр. Тап осы жылы ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Б.Момышұлы атындағы «Намыс» орденін иеленді. Ал былтырғы жылдың соңында «Егеменді елдің 100 қайраткері» атты тұңғыш тарихи энциклопедияға Сайлаухан Әуелба­еваның есімі еніп, зор қуанышқа кенеліп отыр. «Сайлаухан» емдеу, қайта оңалту кешеніндегі емдеу тәсілдерінің ең негізгісі – «Сайлаухан Су» халықаралық деңгейдегі конкурстан «Әлемдік денсаулық сақтау ісінің алдыңғы қатарлы өнімдері» деген сертификатқа ие бол­ған.

 

Жоғарыда аталған атақ-марапаттардың өзі-ақ Сайлаухан Сұлтанғазықызының бойындағы қасиеттің тегін еместігін, Алланың берген кереметі екенін дәлелдеп тұрған жоқ па? Жалпы, халықтың қалаулысы атану, дәрігер болу, ел алғысына бөлену оңай емес. Ол үшін адамға ем дарытып қана қоймай, оның жанын түсінетін, жылы сөзімен дем беретін маман иесі де болуың керек. Сайлаухан Сұлтан­ғазықызының ұстанымы – осындай. Ол кісі алдына келген науқасқа ешқандай дәрі-дәрмек бермейді. Адамның қай жері ауыратынын алыста отырып-ақ анықтай алады әрі нақты диагноз қояды.

 

Жыл өткен сайын «Сайлаухан» емдеу, қайта оңалту кешенінің танымалдылығы артып келеді. Осы себепті мекеме басшысы «Сайлаухан кітаптары» атты баспа орталығын іске қосты. Ол жерден Сайлаухан Сұлтан­ғазықызының бірегей әрі авторлық емдеу әдісі жайлы кітаптар жарық көреді. Халыққа ұғынықты мәлімет беру үшін «Сайлаухан» мұражайы ашылған. Онда Сайлаухан Әуелбаеваның осы күнге дейін жеткен жетістіктері, алған марапаттары, танымал адамдардың емші жөнінде айтқан жылы лебіздері сақталған. Айтқандай, «Сайлаухан» емдеу, қайта оңалту кешенінде ем үшін қолданылып жатқан барлық киімдер мен төсек жабдықтары Сайлаухан ханым ашқан шағын тігін фабрикасында арнайы тігіледі.

 

...Біз жоғарыда Сайлаухан ханым шипа дарыта алатын сырқаттың тек бірнешеуіне ғана тоқталып өттік. Ол кісі емдей алатын дерт түрлерін тізбектей берсек, газет бетіне сыймай қалатыны анық. Егер сізді жүрек-қан тамыр аурулары, жүйке жүйесі, қалқанша безінің қабынуы, ұйқы безі, қант диабеті, миома, бедеулік, простатит, белсіздік, асқазан, ішек, өт жолдары аурулары, тері аурулары, гипертония, ұйқысыздық, несеп жолдары аурулары мазаласа, онда уақыт оздырмай, Сайлаухан ханымның ғажайып еміне жүгінгеніңіз жөн. Ол кісінің емі жас пен ұлт таңдамайды. Отбасылық ем. Тиімді әрі нәтижелі ем. Бір рет барып көрсеңіз, оған өзіңіз де көз жеткізетін боласыз.

 

С. МАҚҰЛБЕК.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ