Тағы да Қытайдан қарыз алатын болдық

13.03.2019
Қаралды: 56

Қазақстан Қытайдан тағы да 300 миллион доллар қарыз алмақ.  Ол 20 жылда, жылына 2 пайыз өсіммен қайтарылады. Бұл қаржы Еуразиялық экономикалық одақпен шекарадағы кеден бекетін жаңартып-жаңғыртуға жұмсалмақ.

 

Егер осынша қаржы орнымен жұмсалар болса, кеден бекетінің автокөліктерді өткізу мүмкіндігі 12 есеге дейін артатын көрінеді. Ол тәулігіне 5500-ге жуық автокөліктің өтуіне мүмкіндік беретіні есептелініп отыр. Үш жылдың өзінде мемлекет қоржынына 8 миллиард теңге пайда түседі дейді.

 

Пайда түссе, түсетін де шығар. Дегенмен Қытайдан қарызды алып жатырмыз, алып жатырмыз, әйтеуір өтеуіне келгенде қиналып қалмасақ, не сұраса да беруге мәжбүр болып жүрмесек екен. Жалпы алғанда, елі­міздегі әр облыс, бүкіл Қазақстан жыл сайын шетелдерден миллиондаған доллар қарыз алып, инвестиция тартып-ақ жатыр. Ал осының «сұрауына» келгенде не істейміз? Біздің елдің қарызды қайтарар мүмкіндігі, алынған қаржының өтеміне ұсынатын нәрселер бар ма? Бар болса, ол не?  Ол өзі жеткілікті ме, әлде жетіспейді ме? Мұндай алыс-беріс өзімізге пайдалы ма, әлде зиянды ма? Бұл тұрғыда көзі ашық, ұлтжанды эконо­мистеріміз неге айтпайды?

 

Жалпы, қарыз сұрағыш адамды жұрт онша жақтыра бермейді ғой. Сол сияқты қарыз ала беретін елдің де абыройы биік бола қояр ма екен?

 

Н. ЖҮНІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ