Қайрат Нұртастың бір «обеді» – 200 мың теңге ...

11.03.2019
Қаралды: 99

Эстрада жұлдызы, жастардың сүйікті әншісі Қайрат Нұртас бір айда қанша ақша табады? Шығыны одан асып түсетіні рас па? Айдарбековтер отбасында ақшаны кім ұстайды? Көп адамды қызықтыратын осы сияқты сұрақтарға әншінің анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова жауап берген екен. 

 

«Қайраттың бір күндік ішім-жемі аз емес. Қасындағы барлық балаларын тамақтандырып жүреді. Олар кез-келген арзан жерге отырып тамақтана салмайды. Ең кемі түстік асына 180 – 200 мың теңге жұмсайды. Ол үшін ешқашан сөйлеген немесе қолын қаққан емеспін. Бірақ менен жиі ақша сұрай беруге ұялады екен. Бұл туралы көмекшіме айтыпты», – депті продюсер «Stan.kz» ақпараттық агент­тігінің тілшісіне.

 

Осы жайдан кейін аналы-балалы екеуі өзара келісім-шарт жасасқан. Сөйтіп Қайрат Нұртас еңбекақысын анасынан пайыздық мөлшерлеме ретінде   алатын бол­ған.

 

«Қайрат төрт баланың әкесі бол­ғанымен маған әрдайым бала болып қала береді. Егер баланың қолына бүкіл ақшаны беріп қоятын болсам, ол бұзылып кетуі мүмкін еді. Мен ұстасам да ақшаның бәрі солардікі. Олар­ға үй, көлік, азық-түлік, киім керек, басқа қажеттіліктеріне арналған ақшалары бар, қалталарына салатыным бар, бәрін өзім бөліп отырамын. Негізі келген табыстың 70 пайызын өзіне жұм­саймын. Концерті бар, киімі бар, клип бар. Мұның бәрі ақша. Болашақта ән айтып жүре бермейді. Уақыты келіп, тоқтаған кезде жасайтын бір жұмыс орны болсын деп әкесі екеуміз шырылдап жүрміз. Оны да қарастырып жатырмыз.

 

Қайраттың тапқан табысын екі балама бөліп беріп жүрген жоқпын. Олар ешқашан ағаларынан ақша сұрамайды», – дейді Гүлзира Үсен­қызы сұхбатында.

 

Түстік асы кейбіреудің екі айлығынан да асатын, енді біреулердің бес айлық жалақысымен тең болатын әнші жігіттің табысы мен шығынын енді есептей беріңіз. Несі бар, өз өнерімен, өз еңбегімен тапқан ақшасы емес пе?

 

Е. ЕРКЕЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ