200 мың доллар парамен ұсталды

09.03.2019
Қаралды: 94

Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қуат Белгібаев пен осы мекемеге қарасты борышкерлермен жұмыс бас­қармасының басшысы Мұрат Жанғазин парамен ұсталды.

 

Арнайы қызметтің хабарлауынша, бұл азаматтар 200 мың доллар пара алу кезінде құрықталған. Олар параны қиындыққа ұшыраған бір кәсіпорынды банкрот деп тану-танымау мәселесіне орай алған көрінеді.

 

Аталған департаментті Қ.Белгібаевтың алдында басқарған Байғұрманов деген азамат та өткен жылы 100 мың доллар парамен ұсталған екен.

 

Р. ҚАЛТАЙ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ