Өмірзақ Шөкеев Түркістанға оралды

04.03.2019
Қаралды: 152

Түркістан облысының әкімі лауазымын 2016 жылдың қа­зан айынан бері атқарып келген Жансейіт Түймебаев Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Президент Әкімшілігінің Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып Астанаға ауысты. Ал Түр­кістан облысының әкімі қыз­метіне Өмірзақ Шөкеев тағайындалды.

 

Өмірзақ Естайұлы Шөкеев 1964-жылы Түркістан қаласында дүниеге келген. Мәскеу экономика-статистика институтын бітірген. Кезінде еліміздің Экономика министрі болғаны, Президент Әкімшілігінде еңбек еткені белгілі. Қостанай облысының, Астана қаласының, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Премьер-министрдің бірінші орынбасары, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы болған. 2017-жылдың желтоқсан айынан бері Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі қызметін атқарып келді.

 

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ