Нұрдәулет Исабек – Түркістан облыстық мәдениет басқармасының басшысы

23.02.2019
Қаралды: 157

Түркістан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту бас­қармасына басшы тағайындалды. Бұл қызметті Нұрдәулет Исабек ат­қаратын болды.

 

Нұрдәулет Еркінұлы Исабек 1974-жылы Алматы облысында өмірге келген. Қазақ экономика университетін бітірген, Түркияның Мимар Синан университетінде оқыған. Қазақ Мемлекеттік көркемсурет академиясында, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер  академиясында жауапты қызметтер атқар­ған, мектеп-интернат колледжінің басшысы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық универ­ситетіне қарас­ты институт директоры бол­ған. 2018-жылдың қыркүйек айынан бері Жамбыл облысындағы Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлі­мінің басшысы қызметін атқарып келді.

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ