Ғабит Нысанов қамауға алынды

23.02.2019
Қаралды: 173

Шымкент қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Ғабит Нысанов қамауға алынды. Оған мектеп асханасын жалға алушы кәсіпкерден 1,5 миллион теңге шамасында пара алды деген күдік келтіріліп отыр.

 

Жарияланған деректерге қарағанда, Ғ.Нысанов бұл кезде еңбек демалысында жүрген екен.

 

Сот Ғ.Нысановты екі айға қамауға алу жөнінде санкция шығарды. Ал оның өзі бұлтартпау шарасын «кепіл» шарасына ауыстыруды сұрап апелляциялық шағым түсірмек екен.

 

Осы орайда Ғ.Нысановқа қатысты бұрынырақта болған шулы оқиғалар еске түседі. Ол Ғ.Нысановтың Шымкент қалалық білім бөлімін басқарып тұрған кезінде, 2007-жылы орын алған. Сол кезде «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының коррупцияға қарсы күрес жөніндегі партиялық кеңесі мен Ғ.Нысановтың арасында айтыс-тартыс болған. Партияластары оны қала мектептерінде орын алып жатқан заңсыздықтар үшін айыптап еді. Қатаң сөгіс берген. Ақыры ол қызметтен өз еркімен босаған болатын.

 

Ғ.Нысанов кейін қалалық мәслихатта бір орын босағанда оған өзінің кандидатурасын ұсынды. Көп ұзамай депутат мандатына ие болды. Сол кезде де жұрт заңсыз әрекеттер жасады деп бір шулап басылған.

"Замана".

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ