Рашид Қайыпжановқа 6 миллион теңге айыппұл салынды

23.02.2019
Қаралды: 464

Түркістан облысындағы Ордабасы ауданының бұрынғы әкімі Рашид Қайыпжановтың парамен қолға түскені белгілі. Ол өткен жылдың шілдесінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерінен 200 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұстал­ған болатын. Кінәсін бірден мойындағаны үшін қамауға алынбаған еді.

 

Бұған байланысты тергеу жұмыстары аяқталған соң іс сотқа жолданған. Содан бері ол туралы ашық ақпарат тарал­ған жоқ болатын.

 

Таяуда өзімізге сенімді дерек көзінен бұрынғы әкімге қатысты қандай шара қолданылғаны туралы білдік. Соттың Р.Қа­йыпжановқа қатысты үкім шығарғанына біраз уақыт болған екен. Яғни үкім өткен жылдың тамыз айында шыққан. Сот айыпталушының өз кінәсін мойындағанын, бұрын-соңды сотты болмағанын, қылмыс­тың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, оған алынған параның 30 еселенген көр­сеткіші көлемінде – 6 миллион теңге айыппұл са­лу жазасын тағайындаған. Сондай-ақ оның мем­лекеттік қызмет лауазымдарын атқаруына өмір бойына тыйым салынған.

 

...Айта кетейік, Р.Қайыпжанов Ордабасы ауданының әкімі қызметіне 2017-жылдың тамыз айында тағайындалған болатын. Оған дейін Сарыағаш ауданында еңбек еткен еді.

М. ШУАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ