Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізіліп жатыр

08.02.2019
Қаралды: 110

Сыбайлас жемқорлық  біздің мемлекетімізге орасан зор нұқсан келтіріп отыр. Осыған орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда.

 

Заңға сәйкес, сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. Мемлекеттік органдардың ұжымдардың, жергілікті өзін-өзі  басқару органдарының басшылары өз өкілеттігі шегінде кадр, бақылау, заңгерлік және өзге де қызметтерін тарта отырып, заң талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге міндетті.

 

Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық  қылмыстарға және осы тұрғыдағы құқық бұзушылықтарға бой алдыруының себебі көп. Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейінің, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер ететін болса керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа нем­құрайлылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың  дендеуіне септігін тигізуде.

 

Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкер­лердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл дерттің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Ол үшін аталған дертке қоғам болып атсалысып, қарсы жұмылуымыз қажет. Сонда ғана ел мүддесі үшін зор үлес қосатынымыз және халық сенімінен шығатынымыз анық.

 

Осыған орай Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің Шымкент қаласы төтенше жағдайлар депар­таментіне қарасты Еңбекші ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары қызметкерлермен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша үнемі түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

 

Қайрат СӘРСЕМБАЕВ,

Шымкент қаласындағы

Еңбекші ауданы төтенше

жағдайлар бөлімінің бастығы,

азаматтық қорғау полковнигі.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ