Шаш өсірудің жаңа тәсілі шықты

07.02.2019
Қаралды: 976

Сіз білесіз бе, жерге дән еккен секілді бас терісіне де солай біртіндеп шаш қылшықтарының түбірлерін отырғызу арқылы шаш өсіруге болады екен. Оны «шаш ауыстыру», (пересадка волос) деп атайды. Бұл тәсіл алопеция, яғни таздануды жойып, сиреген шашты қалыңдатуға мүмкіндік береді. Бір қызығы, дәл осындай жолмен қас, сақал-мұрт, кірпікті де өсіруге болады екен. «Ол қалай жүзеге асады» деп отырған боларсыз?

 

Сақал-мұрт пен қас-кірпік те «егіп» береді

 

Мұнымен Алматы қаласында 2006 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Ruben Haіr» деп аталатын америкалық клиника айналысады. Клиниканың негізін салушы – Рубен Богин. Мұнда трансплантация тәсілдерін пайдалана отырып шаш өсіруге мүмкіндік бар. Шаш ауыстыру – адамның желке тұсынан алын­ған шаш түбірін бас терісінің тазданған жерлеріне отырғызу. Шаш қылшығын сондай-ақ самайдан, сақалы бар иектен немесе көкірек тұсынан да алуға болады. Мұнда адам өз-өзіне донор болады, себебі біреудікі біреуге жарамайды.

 

Ең алдымен келушіден медициналық қан талдамаларын алады, оның  препаратқа аллергиясы бар-жоғы анықталады. Содан кейін бас терісін жансыздандыратын екпе салады. Сосын желкеден шаш түбірлерін алып, оны арнайы ерітіндіге салады. Кейін оларды шаш өспей қалған тұстарға отырғызады.

 

Жұмыс барысында скальпель пайдаланбайды, теріні кеспейді. Косметикалық процедурадан соң теріде ешқандай із қалмайды. Бұл процедура графт санына сәйкес 3-12 сағат уақыт аралығында жасалады. (Графт дегеніміз – 2-4 шаш қылшығынан тұратын шаш түбірлері).

 

Процедура барысында дәрігер бір сағат сайын аздаған үзіліс беріп отырады. Шаш алмастыру үрдісі өте жеңіл және ауырсынусыз өтетіндіктен емделуші адам кітап оқып немесе ән тыңдап отыра беруіне де болады екен.

 

Фолликулдар 7-10 күнде орнығады. Ал үш айдан соң жаңа орныққан шаш өсе бастайды. 

 

Шаш алмастырудың бағасы әр графт үшін 450 теңге. Бір күнде 3 – 6 мың графтқа дейін ауыстыруға болады екен. Ал бас терісіне егетін препаратқа аллергиясы, қант диабеті, тері аурулары бар, қан қысымы көтеріңкі, 19 жастан кіші және 75 жастан жоғары жастағы адамдарға бұл процедура жасалмайды.

 

Дәл осындай жолмен қас пішінін жөнге келтіруге, өзгертуге, қалыңдатуға болады. Қас орнықтыру үрдісінің құны әр шаш түбірі үшін 800 теңгені құрайды. Оған 4 сағатқа жуық уақыт жұмсалады. Күю немесе басқа да тері зақымдануының кесірінен мүлдем қассыз қалғандар оны қалыңдату мақсатында бір жылдан соң бұл емдік шарадан қайта өтуіне болады.

 

Аталмыш клиникада шаш қылшықтарын қолдан орнықтыру арқылы кірпікті де өсіруге және қалыңдатуға болады. Ол үшін ең алдымен дәрігер кеңесін алу керек. Кейін қажетті талдауларды тапсырған пациент тексерден өтеді. Екі сағаттық жұмыстан соң-ақ керемет нәтиже байқауға болады.

 

Осылай желке тұсынан шаш қылшықтарының түбірін алып, бет терісіне қондыру арқылы сақал-мұрт өсіруге де болады. Аталған процедурадан кейін 12 ай өткен соң-ақ қауғадай болып шығуына мүмкіндік бар. Мұндай жолмен сақал өсірудің құны – әр шаш түбірі үшін 450 теңге.  Сақал-мұрт трансплантация­сын ерлер бетінде тыртықтың іздерін жасыру немесе пішінін өзгерту мақсатында пайдаланады екен.  Мұндай процедуралардың барлығында да тек бір реттік құралдар мен сапалы препараттар қолданады.   

 

Жалпы, бүгінгі медицинамызда  осындай да кереметтер бар екенін біле жүрген дұрыс болар.     

 

М. ШЫНҰЗАҚ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ