Кім көрінгенге азаматтықты бере салу қауіпті

04.02.2019
Қаралды: 78

Отан оттан да ыстық болса,  азаматтық  одан да ыстық. Себебі азаматтықты өзгенің көз жасына сеніп бере берсең, мемлекетіңді жау қаптайды. Өйткені көз жасын көлдей етіп кім келмейді?

 

Осыдан бірнеше жыл бұрын «Егемен Қазақстаннан» Германияда шеттен келген қандастарына азаматтық тек 15 жылдан (жылынан қателесуім мүмкін) кейін беріледі дегенді оқығанмын.  Азаматтық  беретін елдер өте сирек. Ал көп елдер сырттан бар­ғандарға мүлде  азаматтық  бермейді.  Себебі оны беру өте қауіпті.

 

Мысалы, осыдан біраз жыл бұрын әуежайда Қытайға шамамен жүз шақты Қазақстан төлқұжатын алып өтіп бара жатқан адам ұсталды. Ол сол құжаттарды арғы беттегі қытайларға апара жатпағанда не істейді? Олар ұсталғаны ғана. Ал ұсталмағаны қанша екені белгісіз. Шетелден қазақтың атын жамылып, оралман болып келген өзге ұлттар жөнінде де ел арасында аз айтылып жүрген жоқ. Әсіресе «қазақ паспортын алып келген қарақалпақтар көп» деген сөздер айтылуда. Сондықтан сақтану қажет.

 

Азаматтық – қастерлі ұғым, мемлекеттік құндылық. Оны «тез берсін» деп асықтырудың қажеті жоқ.

 

Азаматтық  беру ешқашан жеңілдетілмесін!

Сабыржан БАЙБОСЫНОВ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ