1 миллион долларың да ойыншық болып қалыпты

03.02.2019
Қаралды: 323

Алматыда мемлекеттік кірістер депар­та­ментінің Д.Ысқақов деген қызметкері ұсталды. Онымен бірге Д.Әлпиев және Э.Сулейманов есімді азаматтар да ұсталған. Оларға ірі көлемде ақша бопсалады деген күдік келтіріліп отыр.

 

«Бас Прокуратура Ұлттық қауіпсіздік коми­тетімен бірлесіп, мемлекеттік кірістер депар­таментінің қызметкері мен тағы екі күдікті тұлғаны қылмыс үстінде ұстады», – деп жазылған бұған қатысты хабарламада. Алдын-ала болжам бо­йынша, олар «БТА Банк» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасынан 1 миллион доллар ақша бопсалаған көрінеді. Осы сомадағы ақшаға Бас Прокуратурада қаралып жатқан қылмыстық істі оңды шешіп беруге уәде етіпті.

 

Күдікке іліккен бұл үш азамат Алматы қалалық мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған. Бүгінде тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

Пікір қалдыру

1000 символ