«Ерлік» музейінде ерекше сырласу болды

19.01.2019
Қаралды: 426

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Ерлік» фили­алы «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы негізінде энергетика саласының майталманы, белгілі меценат Пердебай Сәбитовпен сырласу кешін ұйымдастырды.

 

Сырласу кешін «Ұлтжандылық Шерхан Мұртазадан жұққан» деп атаған кеш иесі заңғар жазушы Шерхан Мұртазаның дүниеден өткеніне жүз күн толуына орай естелік әңгімелер айтты. Шараға арнайы келген қонақтар Шерім Медеуов, Байдулла Қонысбек, Мархабат Байғұт, Нармахан Бегалыұлы, Ерғали Жүсіпбеков, Жолдыбай Ендібаев, Жеңісбек Мәулен­құлов, Исамуддин Рысбай және тағы бас­қа ағаларымыз Шер-ағамен танысқан сәттерін еске алды.

 

Еліміздегі бірқатар қалалардың жарықтануына еңбек сіңірген, жауапты қызметтер атқарып келе жатқан Пердебай Сәбитов пен оның зайыбы Қарлыға Иманбекова жұртшылықпен бүкпесіз сыр шертті. Қойылған сұрақтарға әсерлі де әдемі, парасатты жауаптар қайтарды.

 

Айта кетейік, Шерхан Мұртазаның және өңірімізден шыққан белгілі қаламгер Тұтқабай Иманбекұлының белсенді оқырманы ретінде Пердебай Сәбитов бұл кісілердің кітаптарын шығаруға демеушілік жасаған.

 

Д. МЕДЕУОВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ