Ақбөкендерге арашашы болған адам

19.01.2019
Қаралды: 216

Қарағандыдағы өрімдей жас жігіттің өмірі қиылған оқиғаның ыстығы басылмай жатып, бұл облыста тағы да бір ауыр қылмыс орын алды. Осындағы Нұра аудандық жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің инспекторы Ерлан Нұрғалиев кісі қолынан қаза тапты.

 

 

Аталған мекеменің инспекторлары өздеріне қарасты аумақта рейд жасаған екен. Олар «Ақ қошқар» су бөгетінің маңынан «Тойота» көліктерінің ізін көреді, ізге түскенде бір жерде  жатқан 5 ақбөкен денесінің үстінен шығады. Арада көп өтпей олар ақбөкен атқан браконьерлерді де көреді. Олар екі көлікте екен. Тоқтатпақшы болғанда инспекторларға белсенді қарсылық көрсетіпті. Инспекторлар көліктің бірін қуып жеткен, сол кезде ішінен ірі денелі үш адам шығып, бұларға тап берген. Екі инспектордың құралдарын тартып алып, өздерін ауыр жарақаттап, айдалада тастап кеткен. Талып қалған инспекторлардың біреуі кейін есін жиып, көмекке адам шақырыпты. Көмекке жеткендер оларды ауруханаға жеткізген. Өкінішке орай, басы жарылып, миы шайқалған Ерлан Нұрғалиев ауруханада есін жимаған күйі, бір күннен кейін қайтыс болған. Екінші зардап шегуші қазір ем алып жатыр.

 

Ал бір отбасыны асыраушысынан айырған, ауыр қылмыс жасаған қаныпезерлер іздестірілу үстінде. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ