Қант ауруының қазақша емі

21.01.2019
Қаралды: 572

Атырау облысында тұратын Эльмира Бекқұлова «Ауырмаңыз!» газетінің тұрақты оқырманы. Өзінің өміріндегі тосын құбылыстар мен денсаулық жайлы жиған-терген деректерін ол үнемі бізге жолдап отырады.  Жақында Э.Бекқұлова бізге қант диабетін емдеу бойынша халық емін жолдаған екен.

 

 

«Қазақтың халық емінде қант ауруын былай анықтаған: келіп тұрған науқастың кіші дәретін күн көзіне қояды. Егер быжынап шыбындар көптеп үймелеп қонса, ол адам қант ауруына ұшырағаны. Оны емдеу үшін табиғатта қара пәрпі, ақ пәрпі деген шөптер бар. Соны күзде шырыны бойына толып, бірақ тым саудырап, кеуіп, қатып кетпей тұрғанда жинап алады. Суға салып, жәймен үш күн қайнатады. Су суалғанда ол қоңыр түсті ұнтақ түзеді. Міне, осы ұнтақты шай қасықпен күніне үш рет, үш ай ішкізеді.

 

Егер науқас бұл емге жазылмаса, сіріңкенің басындай күшәланы жаңағы ұнтаққа қосып, тағы да күніне үш рет, үш ай үзіліссіз ішкізеді. Бұдан кейін қант ауруына ұшыраған адам ада-күде сауығып кетеді.

 

Қант ауруын емдеудің тағы бір тәсілі: ащы ермен ұнтағынан жарты қасық, түймедақ ұнтағынан үш ас қасық,  тасшүйгін тамырының ұнтағынан екі ас қасық, бадам қабығының ұнтағынан үш ас қасық алып, барлығын араластырады. Осының бәрін бір литр қайнаған суға салып, шай тәрізді демдейді. Бір күн тұрғызып, сүзеді.  Науқас осы дәріні күніне үш рет, астан жарты сағат бұрын 30 грамнан үздіксіз үш ай ішеді.

 

Бұған қоса итмұрын, қара қарақат жемісінің әрқайсысынан бір ас қасықтан алып, шай тәрізді демдеп, шөлдегенде сусын орнына бір жыл ішкен де жөн. Осы амалдар қант ауруынан құлан-таза айығуға көмектеседі», – деп жазады оқырман.

 

Өкінішке орай, хат иесі бұл рецепттерді қайдан алғанын жазбапты. Дегенмен  біз қолжетімді, тиімді тәсілдерді жариялауды жөн көрдік. Өйткені оның көпшілікке керегі көп екені анық.

 

Е. ЕРКЕЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ