Ғалымжан Елшібай – облыстық филиал төрағасы

11.01.2019
Қаралды: 191

Түркістан қаласында Қазақстан Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалын құру жөнінде жергілікті ақпарат құралдарының өкілдері бас қосқан жиын болды.

 

Онда облыстық филиалдың тұңғыш төрағасы сайланды. Филиал төрағасы қызметін белгілі журналист, бүгінде республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Түркістан облысындағы меншікті тілшісі болып жүрген әріптесіміз Ғалымжан Қамытбек­ұлы Елшібай атқаратын болды.

 

Біз жаңадан құрылған филиал төрағасының алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беруіне тілектестігімізді білдіреміз.

 

Т. ТҰРАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ