Денис Теннің өліміне кінәлілерге сот үкімі шықты

19.01.2019
Қаралды: 83

Өткен бейсенбі, 17-қаңтар күні танымал спортшы Денис Теннің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге сот үкімі шықты.

 

Алдын-ала келісім бойынша ұрлық және қарақшылық жасады, адам өлтірді деп айыпталған Арман Құдайбергенов 18 жылға сотталды. Ал Нұралы Қиясов қарақшылық жасағаны және адам өлтіргені үшін 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Атышулы істегі үшінші айыпталушы Жанар Толыбаеваға 4 жыл жаза кесілді. Ол ұрлық және қылмыс туралы хабарламағаны үшін жауапқа тартылды. Ж.Толыба­ева жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейлі мекемеде өтейтін болды. Сот барысында жүктілігіне байланысты Толыбаеваның жазасын кейін өтеу сұралған болатын, алайда судья Кеңшілік Абельдинов мұны ма­құлдамапты.

 

Естеріңізге сала кетейік, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен өткен жылы 19-шілдеде кісі қолынан қаза тапқан болатын. Оның өліміне қатысты сот процесі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өтті.

 

Ж. ҚАСЫМ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ