Доңыз еті харам ба, адал ма?

17.01.2019
Қаралды: 524

Мұсылманның жаңа жылы күн мен түн теңескен сәтте келеді дегенмен, ғалам күнтізбесінде жаңа жыл басталып қойды. Жыл қайыру кестесінің кезегі Доңызға жетті. 

 

 

Осы доңызды біреулер харам деді, келесі топ адал деді. Бұл пікірталас әлі толас­таған жоқ. Сондықтан біз «Іslam.kz» келтірген мына деректерді «Ауырмаңыз!» газетінің оқырмандарына ықшамдап ұсынуды жөн көрдік.

 

1. Доңыздың денесінде улы заттар бар. Ол өте майлы келеді. Бұл май жеген адамның қанына сіңеді, қан түйіршік­те­ріне май толып қалады. Ол артерия тамырларының қатаюына, қан қысымының көтерлуі мен жүрек талмасына себеп болады.

 

Сондай-ақ доңыз майының құрамында «сутоксин» деген улы зат бар. Ол денеге енсе сыртқа шығуы үшін лимфа бездеріне өте көп салмақ түсіреді. Жас балаларда ол дене қызуының көте­рілуі, әлсіреу, тамақтың қатты ісінуіне соқтырады.

 

2. Доңыздың денесінде көп мөлшерде күкірт бар, ол адам ағзасына түссе шеміршек, бұл­шық ет және сіңірлерге сіңіп, буындарға тұз жиналу және омырт­қаның орнынан таюы (жыл­жуы) сияқты ауруларға себеп болады. Доңыз етін жиі жеген жағдайда  денедегі қатты шеміршектер сол доңыз етінен келетін бөлшектердің әсерінен тым жұмсарып, дене ауырлығына шыдамайтын халге жетеді. Бұл буындардың босаңсуына соғады. Доңыз етін жиі жейтін адамдардың қолдары ісіп, де­несінде май қабаты пайда болады, жалқау және жайбасарға айналады.

 

3. Доңызда өсу гормоны да көп мөлшерде. Бірнеше жүз грамдық салмақпен ғана туылған торайлар алты айда жүз килоға жетеді. Торайлардың мұншалықты тез өсіп, үлкеюі доңыз денесіндегі өсу гормонының өте көп мөлшерде болуына байланысты. Бұл гормондар оның етін жеген адамдарға да өтеді, тіндер мен жасушаларды ісіну мен қабынуға соқтырады. Мұрын, жақ, қол, аяқ сүйектерінің табиғи қалыптан тыс үлкейіп, өсуіне және дененің майлануына себеп болады. Гормондардың ең үлкен қатері – қатерлі ісік тудыратынында. Мал дәрігерлері еркек доңыздардың белгілі жастан кейін қатерлі ісік ауруына көптеп шалдығатынын айтады.

 

4. Доңыз етінің құрамындағы хистамин және имидазол деген заттар адамның терісінде қышу тудырады, есекжем (экзема), бөртпе, дерматит сияқты тері ауруларына себеп. Бұл заттар соқыр­ішек, өт жолдары, тамыр ауруларына жол ашады. Сондықтан дәрігерлер жүрегі ауыратын адамдарға доңыз етін жемеуге кеңес береді.

 

5. Доңыз етінен адамға берілетін тағы бір ауру – трихина. Доңыздар трихина атты құрттары бар тышқандарды жейді. Сондықтан оларда осы құрттар өте көп. Бірақ ол доңыздарға әсер етпейді. Ал адам өміріне қауіп төндіреді. Өйткені асқазан-ішек арқылы қанға өтеді, одан барлық денеге тарайды. Трихина құрттары әсірес жақ, тіл, мойын, жұтқыншақ және көкірек бұлшықтарының тіндерінде орналасқан. Сондықтан осы мүшелердің бұлшық еттерінің тартылып қалуына се­беп болады. Қан тамырларының біте­луіне, менингит және ми қабынуына себеп. Адам өліміне себеп болатын трихинаның емі жоқ.

 

6. Адам мен жан-жануардың табиғаты мен мінезінің қалыптасуына жеген қорегінің де қатысы бар. Мысалы, арыстан, қасқыр сияқты етпен қоректенетін аңдар жыртқыш болып келсе, шөппен қоректенетін сиыр, қой, қоян сияқты жануарлар жуас болып келеді. Зерттеулер барысында көкөністермен қорек­тенетін адамдардың табиғаты жұмсақ, биязы, ал етті көбірек жейтін адамдардың табиғаты қаттылау болып келетіні анықталған. Халқымыз адамды суреттегенде жылқы мінезді, қой мінезді деуінің себебі осыда. Доңыз өзінің ұрғашысын қызғанбайтын, ұрпағына мейі­рімсіз, асқа қанағатсыз хайуан. Оның етін көп тұтынатын адамдар анасына, жарына, баласына мейірім төкпейтін, қара басы мен қарын қамын ғана ойлайтын сезімсіз пенде болып өзгеретіні зерттеулермен дәлелдеген. Француз ойшылының «Маған немен қоректене­тініңді айт, сенің кім екеніңді айтайын» деген сөзінің мағынасын осыдан-ақ түсінуге болады. Доңыз еті Құран кәрімде де жеуге болмайтын харам деп аталған. Сондықтан үй шошқасы немесе қабан болса да мұсылман үшін харам саналады.

 

Дегенмен Доңыз жылы мұсылман хал­қы үшін жайлы келеді деседі. Ла­йым, солай болғай!

 

Ә. ӘЛІМЖАН.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ