«Қамқорлығы» үшін миллиондаған теңге жинаған екен

02.01.2019
Қаралды: 105

Алматыда мамандандырылған күзет қызметінің лауазымды адамдары қамауға алынды. Оларға қарамағындағылардан миллиондаған теңге ақша жинап алған деген күдік келтірілуде.

 

 

Мамандандырыл­ған күзет басқармасының батальон ко­мандирі мен оның орынбасары бағыныштыларынан 24 миллион 900 мың теңге және 9 миллион теңге жинаған екен. Олар осы ақша үшін қарамағындағы қызметкерлерге қамқорлық жасауға уәде берген.

 

Бүгінде бұл азаматтар уақытша оқшаулау абақтысында отыр, олардың үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

 

Дайындаған – Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ