Бұрынғы прокурорға қатысты сот үкімі шықты

02.01.2019
Қаралды: 407

Бұрын Алматы облысындағы Қарасай ауданының прокуроры қызметін атқарған, лауазымдық қызметін асыра пайдаланғаны үшін сотты болған Жансейіт Аязбаевқа қатысты үкім шықты. Ол 5 жылға шартты жазаға кесілді, шенінен және мемлекеттік органдарда қызмет істеу құқынан өмірлікке айырылды.

 

 

Сот материалдарына қарағанда, Ж.Аязбаев бір азаматтың Шамалған маңынан 6 гектар жер иеленуіне жағдай жасаған. Ол жерде саябақ салынуы тиіс бол­ған екен. Прокурор жердің пайдаланылу мақсатының өзгертілуіне ықпал еткен, ал оны иемденген азамат өз жеке мақсатына пайдаланыпты. Яғни 6 гектар жерді жеке адамдарға бөліп-бөліп сатқан. Прокурорға көмегі үшін 1 гектардан аса жерді сыйға тартқан. Ал ол аумақтан жер телімін сатып алған азаматтардың бірі тіпті үй салып та үлгерген екен.

 

Жалпы, аталған 6 гектар аумақ 102 жер теліміне бөлінгені туралы айтылады. Бүгінде ол мемлекеттік жер қорына қайтарылған.

 

Дайындаған – Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ