Жаңа министрліктің комитет төрағасы парамен ұсталды

01.01.2019
Қаралды: 298

Өткен жылғы жазда құрылған Қоғамдық даму министрлігіне қарасты Қоғамдық келісім комитетінің төрағасы Қайсар Жаңаханов 1,9 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталды. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, ол өзінің кінәсін бірден мойындаған. Ол «үй қамағына» алынған.

 

 

Бұл оқиғаға қа­тыс­ты тиісті қызмет өкілдерінің 5 мың және 10 мың тең­гелік қыруар ақшаны санап, қаттап жат­қаны түсірілген бейнежазба жарияланды.

 

Ал Комитет төрағасы  аталған ақшаны экономика және қаржы басқармасының басшысына көмектесіп отырғаны үшін алған көрінеді. Яғни ол өз басқаруындағы ведомствоға қарасты ұйымдар­ға қамқорлық жасап, оларды қосымша қаржыландырып отырған екен.

 

Дайындаған – Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ