Жұмысы – жұртты құшақтау екен

01.01.2019
Қаралды: 418

Бейтаныс адамды құшақтап та табыс табуға болады екен. АҚШ-та. Сесилия Баез деген 24 жастағы филадельфиялық бойжеткен 2018-жылы осындай жолмен 56 мың долларға жуық ақша тауыпты.

 

Бұл жұмысқа оның аптасына  15 сағат уақыты кетеді. Қызметінің әр сеансы үшін 80 доллар ақы алады. Яғни біздің ақшаға шаққанда 30 мың теңгенің төңірегі. Бір жылға  есептегенде оның табысы 55 мың 500 доллар болып шығады.

 

Сесилия тек қана құшақтайды. Болды. Әңгімесі жарасса, тек өмірдің ыстық-суығы жайлы біраз уақыт сырласуы ғана мүмкін. Қыздарының мұндай жұмыспен айналысатынын ата-анасы біледі, түсінеді. Жалпы, олар жай ғана құшақтау арқылы бейтаныс адамға бақыт сыйлауға, оның өмірге деген құштарлығын оятуға болады деген пікірде.

 

Негізі АҚШ-та осындай қызмет көрсететін көптеген орталықтар бар деседі. Құшақтауды кереметтей меңгеруге оқытып, арнайы сертификат беретін көрінеді.

 

«Естімеген – елде көп» деген осы да.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ