Ислам Каримовтың өз еліне жасаған 5 жақсылығы

30.12.2018
Қаралды: 488

Өмірден  озғанына екі  жылдан  астам уақыт  өткен Ислам  Каримовтың өзбек  халқы  үшін орны  бөлек. 1991-жылдан  2016 -жылдың   қыркүйегіне  дейін  өзбек  билігіне  иелік  еткен Ислам-әканың еліне  жасаған   жақсылығы  жеткілікті.  Осыдан  біраз  бұрын  журналист Амангелді Ақынов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында  Каримовтың өзбек  жұртына  жасаған  «5  жақсылығын»   жазған  екен.   Соған  қайта  бір  үңілгенді  жөн  көріп  отырмыз.

 

«Мен тек Ислам Каримовтың еліне жасаған жақсылықтарының бір парасын тізіп шығамын. Себебі өлген кісінің жаман ісін айтпайды», – дейді  журналист.

 

1. Елдің сыртқы қарызы жоқ екен. (Тым аз, жоқтың қасы).

 

2. Елдің ішіне сырттан түрлі діни ағымдардың бірде-біреуін кіргізбеген. Идеологиясы мықты.

 

3. 1991-жылы халқы 19 миллион болса, соны 31 миллионға жеткізген. (33-35 миллион бар дейді).

 

4. Елінің тілін, дінін, дәстүрін жақсы сақтап қалған. (Елінде өзге ұлт өкілдері, оның ішінде орыстардың өзі өзбекше сөйлейді). Міне мықтылық! Идеологиясы мықты және патриоттығы жоғары.

 

5. Елінде көлік те, ұшақ та шығарылады. Яғни «бізде бәрі шығарылады» деген жалған ұран мен көзбояушылық жоқ.

 

...Иә, Ислам Каримов   – күрделі тұлға. Еліне жасаған  жақсылығы да,  жамандығы  да жеткілікті. Алайда   басқасын  былай  қойғанда , еліне  жасаған  осы  бір 5  жақсылығының  өзі оның  билігі кезінде  орын  алған  кем-кетіктерді  шайып кететіні  белгілі.  Мемлекет басшысы  болған  соң  осындай  бол  дегің  келеді.

 

«TAZA EL».

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ