Шавкат, Миромон және Мирзиё

29.11.2018
Қаралды: 298

Өзбекстан астанасы – Ташкентте бір отбасында өмірге келген үш ұлға ел Президенті  мен оның әкесінің және атасының есімдері қойылды. Олардың ата-анасы Руслан Корёндиев пен Мохигүл Шайкулова осылай болуын қалапты. Сөйтіп, Жаңа жыл қарсаңында өмірге келген балаларына Шавкат, Миромон және Мирзиё деген есімдерді берген.

 

Жалпы, мұндай дәстүр Өзбекстанда Каримовтың кезінен бері бар екен. Мысалы, 2013-жылы Ташкентте бір отбасында өмірге келген 4 балаға Хасан, Хусан, Ислам және Карим деген ат қойылыпты.

 

Ал 2017-жылы Бұхарада бір отбасында дүниеге келген үшемдерге Шавкат, Миромон және Мирзиё деген есімдер берілген екен. Осы жылы Хорезмде де бір шаңырақта үш ұл өмірге келіп,  үлкендер оларды да Шавкат, Миромон және Мирзиё атандырыпты.

 

Өзбек ағайын осылай өсіп-өніп жатыр екен. 2018-жылғы демографиялық деректер бойынша бүгінде онда 33 миллионнан аса адам тұрады.

 

Р. ҚЫДЫР.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ