Құмар ойын үшін отбасын қарызға батырған әйел

25.11.2018
Қаралды: 371

Ауылға барып естіп қайтқан жағымды жаңалығым, бір үлкен дүкенде тұратын ойын автоматын тәркілеп алып кетіпті. Шағын ғана ауылдың біразы сол ойынға кіріп кетіп, бала-шағасының аузынан жырып ақшасын салып жіберіпті деп естіп жататынбыз. Тіпті қыз-келіншектер де бар арасында. Сол құрылғыны дүкенге қойғаны үшін егесі айына 25 мың теңге төлейді екен дүкен иесіне. Ал оған кеткен ақшаларда қанша отбасының, сәбилердің көз жасы жатыр...

 

Бір үйдің келіні қолына 200 теңге түссе жүгіріп барып ойынға салып келеді екен. Күйеуі айлық алғанда дүкеннен азық-түлік алған қарыздарды апарып бер деп жіберсе, соның бәрін ойынға салып жіберіп жүріпті. Оны күйеуі білмейді, күні-түн жұмыста. Бір күні дүкенге соғып қалып, үш айдан бері қарызың 150 мың теңге болды, неге бермей жүрсің деп сұрағанда күйеуі шалқасынан түсе жаздапты.

 

Бұл не сонда? Әйелде аналық сезім болмағаны ма? Балаларынан ойын қызық болғаны ма? Естіп таңқалдым...

 

Осы бір құмар ойындары талай отбасына қара бұлт үйірді-ау...

 

Сіздер не дейсіздер, достар?

 

Райхан ТОҚСАНБАЕВА.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ