Сарбаздарымызға бұйрық әлі де орыс тілінде беріледі екен

24.11.2018
Қаралды: 233

Шымкент темір жол вокзалына 50 шақты сарбазды әкеліп, орысша бұйрықтар («налево!», тағы басқа) бере бастады. Командирі қазақ екен.

 

«Бұл қай мемлекеттің армиясы?» – деп сұрадым мен оған жақындап барып. «Ұлттық ұлан», – деді ол. Мен тағы да қайталап: «Қай мемлекеттің армиясы деп сұрап тұрмын», – дедім. «Қазақстанның», – деді ол. «Онда неге орыс тілінде бұйрық бересің?» – десем: «Орысша оқығанбыз», – дейді.

 

Сонда әскерімізде командирі қай тілді білсе, сол тілде бұйрық беретін болғаны ма? Бәрі орысша жүргізілсе, онда сарбаздарымызда ұлттық рух қайдан болсын?

 

Өз басым ел тарихын, тарихи тұлғалар өмірін білмеген командирден үміт күтпеймін. Өйткені олар ұлтқа қызмет ету дегенді білмейді.

 

Жарқынбек СЕЙТІНБЕТ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ