10 түрлі ерекше сыйлық

28.11.2018
Қаралды: 577

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын сыйлық іздеп сарылатындар саны көбейе бастайды. Егер де осы мейрамда ерекше сый ұсынып, ет жақындарыңызды қуантқыңыз келсе, онда төмендегі тізімге көз салыңыз.

 

1. Ерлі-зайыптыларға арналған Елтаңбамыз бейнеленген  сағаттар. Қа­зақстандық өнім «Атамекен» деп аталады. Тапсырыспен алуға тұрарлық. Қазір жаңажылдық акция жүріп жатыр. Бір данасын алған адамға екіншісі тегін беріледі. Бағасы – 9900 теңге. Бауы таза былғарыдан жасалған бұл сағатта секундомер, оятар (будильник) мен апта күнін көрсететін функциялары бар.

 

2. Отандық қолөнер туындысы – әдемі әрі сапалы 925 сынамалы күміс білезік. Салмағы – 32 грамм. Тапсырыс беріп, «Асыл анашым», «Анашым – жәннатым», «Асыл анама!», «Алғысым шексіз!» деген секілді түрлі мағынадағы сөздерді өз қалауыңызша жаздыруға болады. Білезіктің ең арзаны 3500 теңге тұрса, сапасына қарай 20.000, 25.000, 29.000 теңгеліктері де бар. Қымбаттауларына алтын жалатылған. Екі күнде дайын болатын авторлық жұмысты тапсырыс иесіне қай қалада болса да тегін жеткізіп беруге даяр.

 

3. Ерекше сыйлықтың тағы бір түрін «Aіaulymgold» «Инстаграм» парақшасынан табуға болады. 9000 теңге төлесеңіз болғаны, сый ұсынылатын адамның есімін күмістен ойып тұрып жазып, оны алқа етіп жасап береді. Ал алтын жалатылғаны үшін 12.500 теңге қаржыңызды қиясыз. Дәл осындай алқаның алтынына да тапсырыс беруге болады, ол құрамындағы алтынның мөл­шеріне қарай қымбатырақ бағаланады. Он бес жыл қатарынан зергерлікпен айналысып жүрген зергер тапсырысты небәрі үш сағатта дайын қылып беретін көрінеді.

 

4. «Joyshop.me» «Инстаграм» парақ­шасы ұсынатын түрлі құрал-саймандар, тапаншалар мен автоматтарды ерекше сыйлықтар қатарына жатқызбасқа болмайды. Оның ерекшелігі сол, барлығы да шоколадтан жасалған. Ерлер үшін таптырмас сый. Бағалары да әртүрлі. Мәселен, салмағы 250 грамдық 15 дана бұрандалы болт 9900 теңге тұрса, салмағы 1300 грамм болатын Калашников автоматы 55.000 теңге, 295 граммдық «ТТ» тапаншасы – 12.500, 250 грамдық танк – 9900, балға, кемпірауыз секілді бірнеше құрал-саймандардан тұратын 640 грамдық шоколодты жиынтық 18.900 теңге тұрады. Алматы қаласы бойынша жеткізу құны 950 теңге, басқа қалалар бо­йынша 1170 теңгені құрайды.

 

5. Биіктігі 25, 35, 40, 50, 65 сантиметр болатын әйгілі «Киндер Сюр­приздің» жұмыртқа пішінді бос қорапшалары. Сатып алушы қалағанын салып, ішін өзі толтырады. Бағасы да көлеміне қарай. Ең кішісі 1000 теңге, ең үлкені 3000 теңге тұрады. 200 теңге қоссаңыз, сыртына өзіңіз қалаған жазу мен суретті басып та береді. 

 

6. «Шоколано» – ұсынатын шоколодты әліпби. Кәдімгі қораптағы шоколадты кәмпиттің әрбірінің бетіне ақ түсті шоколадпен әріптер түседі. Соларды құрастыра отырып, «Құттықтаймын!», «Туған күніңмен!», «Жаңа жыл құтты болсын!», «Сүйікті анашыма!» секілді түрлі жазбалар жазылады. Құны да қораптың өлшеміне қарай қойыл­ған. Ішінде 14 кәмпиті бар 2х7 өлшемді жиынтық 2500 теңге тұрса, 5х5 өлшемді қорапқа қаз-қатар тізілген 25 кәмпит  4500 теңге болады. Ал 7х7 өлшемді қорапқа сыйдырылған 49 кәмпит құны – 7800 теңге. Бұл сыйлықтарды «Shokolana_semey» «Инстаграм» парақ­шасы арқылы тапсырыс беріп, алдыртуға болады.

 

7. Шымкент қаласындағы «Мұра» қолөнер орталығының ұлттық нақыштағы ерекше қолөнер бұйымдары мен әшекейлерін жаңажылдық сыйлық ретінде ұсынуға тұрарлық. Табиғи теріден жасалған панно, хан, сұлтан, батыр бейнелері бейнеленген ұлттық үлгідегі жасалған шахмат, күміс белбеу­лер, сыртына ру атауы жазылған былғары әмияндар, былғары қорапшалар­ға салынған қамшылар, оюланған ер-тоқымдар,  көлемді картиналар, тағы да басқа түрлі қазақи кәдесыйларды осы жерден табуға болады.  Әрине, сыйлық түріне қарай бағалары да сан түрлі. 

 

8. Бұл жерден табылмайтын қазақи үлгідегі түрлі кәдесыйлар мен ерекше сыйлықтар «Karavan-podarkov.kz» сайтында да бар. Мұнда әркім өз қалтасына қарай сыйлық таңдайды. Мәселен, қазақша көйлек бейнеленген алжапқыштар 7500-7800 теңге, тұмардың суреті бар кеудешелер – 5000, «Керуен» атты жадысы 16 гигабайт­тық флэш карта – 16.500, «Түйе» және «Киіз үй» деп аталатын кілтке тағатын салпыншақтар – 4500, «Ер-тоқым» фоторамасы – 6000, ал «Көктем» хрусталь вазасы 185 мың теңгеге сатылады.

 

9. Бұғы бейнеленген жаңажылдық жемпірлер. Жоғары сапалы матадан тігілген мұндай жемпірлердің ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған түрлері бар. Үлкендерге арналған жемпірлердің бағасы – 12.900 теңге болса, балалардікі – 8900 теңге. Шымкент қаласы бойынша тапсырыс берушіге жеткізіп беру қызметі де қарас­тырылған.

 

10. Адам аты-жөні жазылған ерлерге арналған әмияндар мен белбеулер. Материалдары – таза былғары. Жаңа үлгідегі әмиянға әріптің орнына ою тізбегін салдыруға да болады. 10.000 теңге төлеп, әмиян мен белбеудің екеуін бірдей сатып ала аласыз. Қызығушылық таныт­қандар үшін «pyraq1» «Инстаграм» парақшасы жұмыс істейді.

 

...Міне, таңқалдыра алатын жаңажылдық ерекше сыйлықтар осындай. Ендігі таңдау өзіңізде. Жалпы, мереке қарсаңында жақын адамадарды қуант­қанға не жетсін!  

 

 М. БИБОЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ