1131 адам тұратын қалада 48 градус аяз болды

25.11.2018
Қаралды: 390

Ресейге қарасты Саха республикасындағы Верхоянск қаласында кешегі 20-желтоқсанда 48 градус аяз болды. Дегенмен бұл ол жақтың тұрғындарын аса таңқалдырған жоқ. Себебі Верхоянск ұлысы әлемдегі ең суық аумақ саналады. Онда 1892-жылдың ақпан айында 67 градус аяз болған. Яғни Верхоянск үшін 40 – 45 градус аяз дегеніңіз – үйреншікті тірлік.

 

 

Мұнда алдағы 1-қаңтар қарсаңында ауа райы -30 градусқа дейін «жылиды» екен. «Синоптиктер» осылай дейді. Ал мұндай күн райын Верхоянскідегілер «көктемнің күніндей болды» деп сипаттайды деседі.

 

Осындай кездердің өзінде автокөліктер бұрынғыдан екі еседей көп жағармай жұмсайды. Ал жол үстінде бұзылып тұрып қалар болса, дөңгелектері осыған дейін еркін көтерген машина салмағын көтере алмай жарыла бастайды екен.

 

Верхоянск жақта қыс 8 айға созылады. Қыс кезінде  су құбырларында тек қана ыстық су жүреді. Жұрт оны мұздай сумен араластырып ішеді.

 

Жалпы, әлемдегі ең суық аумақтың бұдан басқа да таңқалдырар ерекшеліктері аз емес.

 

Ал дәл осы күндері Жер шарының екінші бір бетінде, Африкада  ауа райы «күйіп» тұр. Сондай-ақ  Бали, Сейшель, Мальдив аралдарында, Малайзияда, Тайландта, Үндістанда, Маврикийде ауа райы 20-дан 30-35 градусқа дейін жылы, ыстық. Сондықтан жаңажылдық демалысты осы аумақтарда қарсы алу үшін алыс сапарға шығып жатқандар бар.

 

Табиғаттың мұндай құбылыстарына қалай таңқалмассың?!

 

Б. РЫСҚҰЛ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ