Үмітбек Есен үйленді

21.11.2018
Қаралды: 329

Әншілік өнерімен көпшілікке танылып жүрген әріптесіміз, «Замананың» жанындағы «Замана» дыбыс жазу студиясының режиссері Үмітбек Есен бауырымыз отбасын құрды. Ол Қазығұрт ауданының Гүлшат есімді аруына үйленді.

 

Жас келіннің беташары кешегі сәрсенбінің сәтті күнінде Шымкенттің іргесіндегі Шұбар ауылындағы «Жібек ана» кафесінде болып өтті. Оған 200-дей адам қатысып, қызықшылық иелерінің қуанышымен бөлісті, жастар­ға ақ батасын беріп, тілектерін білдірді.

 

Үмітбектің бұл тойында оның әріптес-достары да өз өнерлерімен жұртты тәнті етті. Олар беташарды өте қызықты етіп өткізді. Әншілер Санат Әлімханұлы мен Қамар Сұлу, айтыс ақындары Жандос Мырзабеков пен Нұрғали Әнәпия беташардың көрігін қыздырды.

 

Үмітбектің ата-анасы Есенгелді мен Әлия үшін бұл күн өте қуанышты күн болды. Тұңғыштарын ұяға қондырып, келін түсіріп отырған отбасыға біз де қуаныштарыңыз ұзағынан сүйіндірсін, тойларыңыз тойға ұлассын деген тілек білдіреміз.

 

Н. ӘБДІ.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ