Пара алмаймыз деп Құран ұстап, ант беруде

18.11.2018
Қаралды: 467

Өзбекстанда мемлекеттік қызметшілерден құран ұстатып ант қабылдау жалғасып жатыр. Қазіргі Президент Шавкат Мирзиёевтің өзі таққа отырған кезіндегі ұлықтау салтанатында осылай ант бергені белгілі. Кейіннен ол мемлекеттік қызметшілердің осындай тәртіппен ант қабылдауын құптады.

 

Арада көп өтпей медицина қызметкерлері, сосын фермерлер ант қабылдаған болатын. Олар өз міндеттерін адал орындауға, заң бұзбауға, Өзбекстанның өркендеуіне үлес қосуға ант берген еді.

 

Ал таяуда Ташкент облысына қарасты Жоғарғы Шыршық ауданының милиция қызметкерлері Құран ұстап тұрып ант қабылдады. Олар пара алмауға, ақша бопсаламауға ант берді. Әрине, ант сөздерінің ішінде басқа да міндеттемелер туралы айтылады, дегенмен бүгінгі күні ең маңыздысы пара алмау мен ақша бопсаламау болып тұр. Негізінен милицияның үстінен шағымданатындар осы екі мәселе туралы жиірек айтады екен.

 

Жалпы, биыл Өзбекстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысты арнайы бағдарлама қабылданған. Мемлекеттік қызметшілерге Құран ұстатып ант қабылдату осы бағдарлама аясында жүріп жатыр деседі.

 

Д. НҰРПЕЙІС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

Пікір қалдыру

1000 символ