Грузиядан, Армениядан үлгі алу керек-ау

14.11.2018
Қаралды: 169

Саакашвилиге, Пашинянға жемқорлықпен күресіңдер деп біреулер ескерту жасады дейсіз бе? Жоқ. Оларға ешкім тіс жарған жоқ. Үйреткен де жоқ. Алды да, жемқорлардың быт-шытын шығарды. Қамады, жұмыстан қуды, елден аластатты.

 

Грузия мен Армения жемқорлықпен күресу үшін бірнеше жылға арналған мемлекеттік бағдарлама да жасаған жоқ. Жасаса, жасаған шығар, бірақ жемқорлықты көпке ұзатпай ауыздықтап жатыр. Небәрі 3-4 жылда.

 

Ал біз стратегия қабылдап тастадық. Мың сан шаралар өткізіліп жатыр. Түрлі жобалар... Бірақ жем­қорлық бой беретін емес. Асау.

 

Өзімізше біреулерге жемқорлықпен күресуді үйретеміз. Мүмкін жемқорлықты жеңуге менталитетіміз ке­дергі келтіріп жатқан шығар. Мүмкін еліміз сондай бір ұйықта орналасып қалған ба... Болмаса қамап та, жегенін еселеп құстырып та жатыр...

 

Сонау Данияның, Германияның, Сингапурдың тәсілдеріне арқа сүйей бермей, мынау тұрған Грузияға, Арменияға барып, тәжірибе алмасу керек қой.

 

Дәурен БОЛЫС.

 

Мақаланы көшіргенде Zamana.kz сайтына сілтеме көрсету міндетті!

 

 

 

Пікір қалдыру

1000 символ